«CӘЛЕМ» САУДА ДҮКЕНІ - 200 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ

Қаладағы Бекшора мекен-жайында орналасқан маркет «Сәлем Трейдинг» ЖШС-ның жалғасы іспеттес. Мамандардың айтуынша, жобаның жалпы құны 65 млн. теңгені құрайды. Өз кезегінде жаңа нысанда 22 адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Көтерме бағада өнімдерді саудалайтын маркет таңғы сағат 8:00-ден түнгі 03:00-ге дейін уақытта халыққа қызмет етеді.
Сауда орны басшысының сөзінше, «Salem Village» өнімдерінің сөресі жергілікті сүт өнімдерімен де толықтырылмақ. Мұнан өзге дәмі тіл үйретін отбасылық наубайханада әзірленген нан өнімдері мен тәтті тоқаштар, асханалық тағамның 25-тен аса түрлері сатып алушыларға күнделікті жеткізіліп отырмақ. Жергілікті тәттілер өзге дүкендерден қарағанда әлдеқайда арзан баға ұсынады.
Жалпы дүкен көлік тізгіндеп келушілерге де ыңғайлы. Арнайы автотұрақтары бар маркет келген мейманның қауіпсіз әрі сенімді сауда жүргізуіне жол ашады.
Тұрғындарға тарту ретінде ашылған жаңа нысанның ашылу салтанатына бірқатар азаматтар қатысып, жеке кәсіпкердің бастамасына сәттілік тіледі.







