ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов «Сырдария», «Универсам», «Шұғыла» шағын аудандарының тұрғындарымен кездесіп, көпшіліктің толғандырған мәселелерін тыңдады.
Қаламыз күн сайын көркейіп, дамып келе жатса да, бұл аймақтарда қоныстанған көпқабатты үйдің тұрғындарын мазалайтын мәселелер әлі де бар. Көбі инфрақұрылым мен шағын ауданның бүгінгі келбетіне қатысты. Үйлерді қайта жаңғыртудан өткізу, ауладағы бақылау камераларын көбірек орнату, жарықшамдарды жөндеу, аяқ-судың жеткізілуі, аулаішілік жолдарды жөндеу туралы бірқатар сұрақтарды тыңдаған қала әкімі жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, түйінін шешуге күш салатынын жеткізді.
Кездесу соңында шаһар басшысы Асылбек Шаменов көтерілген мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелерге тапсырма беріп, барлығын өз бақылауына алатынын, сондай-ақ, ел игілігі үшін жасалған және алда жасалатын жұмыстарға тұрғындар тарапынан да жанашырлық болуы қажеттігін атап өтті.
Алдағы уақытта қала әкімі қаланың өзге де шағын аудандарының тұрғындарымен кездесуін жалғастырады.