Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!


Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменовтың қатысуымен жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алу тақырыбында брифинг өтті.

Жылу беру маусымына дайындық аясында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланды.

- «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері қала бойынша Басқарманың қызметкерлері және ҚазТрансГаз мекемесі, Полиция басқармасының қызметкерлерімен, волонтерлермен бірлесіп, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.  Аралау барысында бірінші кезекте тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар адамдары бар отбасыларға басты мән берілуде, - деді Жасұлан Қалдыбайұлы.

Қазіргі таңда, аталған жұмыстар аясында тұрмысы төмен осал топқа жататын тұрғын үйлерге  331 дана көмір қышқыл газын анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылса, «АлауГазАймақ» ЖШС-мен бірлесіп, Наурыз және Махамбет елді мекендеріндегі тұрмысы төмен мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үйлерінің мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, 2021 – 2022 ж.ж. жылу беру маусымында қала көлеміндегі тұрғын үй секторларында 52 өрт оқиғасы тіркелген. 

Орын алған оқиғалардың басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән берілмеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан туындап отыр. Өрттің туындауына жол бермеу мақсатында қала тұрғындарын жылу беру маусымында сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз.
23 тамыз 2022 ж. 283 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?