Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған спорт мерекесіне орай, қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова сала ардагерлері мен жаттықтырушыларды және түрлі додаларда топ жарып жүрген жеңімпаз балаларды қабылдап, мерекемен құттықтады.
Кездесуде қала әкімінің орынбасары спорттың дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ардагер-спортшыларға, жаттықтырушыларға және жеңімпаз балаларға алғысын білдірді.
«Қызылордадан шыққан спортшылардың арасында тек өңіріміздің ғана емес, тұтас ұлт мақтанышы болғандар аз емес. Солардың ізін жалғаушы спортшы жастарымыздың саны артып келеді. Жалынды жас спортшыларымыз түрлі дәрежеде жеңімпаз атанып, аймақ абыройын асқақтатуда. Жеңісті жолды жалғастырып, биіктен көріне беріңіздер», - деді Ақзира Қасымова.
Жиын соңында жас спортшылар мен олардың жаттықтырушылары және сала ардагерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
23 тамыз 2022 ж. 742 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?