Салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілді
Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен жергілікті атқарушы орган және Қызылорда қаласында орналасқан сауда базарлары мен сауда үйлерінің өкілдері арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы үш жақты МЕМОРАНДУМ-ға қол қойылған.
Осыған орай, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, оның ішінде қазақстандық «e-Salyq Business», «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшаларды кеңінен пайдалану, сауда орындары үшін QR-кодтарды орналастыру, Telegram-да іске қосылған SalyqBot сілтемесін пайдалану, «Үш компонентті интеграцияланған» жүйені орнату, «Тауарларға арналған ілеспе құжаттарды» рәсімдеу, салық есептіліктерін уақтылы тапсыру, жалпыға бірдей декларациялау мен «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясына белсенді қатысуды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.