Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МҮМКІНДІКТЕР КЕРУЕНІ ӨТТІ


Бүгін жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде мейлінше мол ақпарат беру үшін және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында қалалық мәдени және демалыс паркінде «Мүмкіндіктер керуені» өтті.
Шарада бос жұмыс орындары  жәрмеңкесінен  тұрақты  жұмысқа  15 азамат жолданды. Жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында 10 жас маманға, ал "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламасымен 2 маманға, жалпы 27 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша сала мамандары кеңестерін берді.
Айта кету керек, аталған шара 12 тамыз - Халықаралық жастар күні аясында Qosyl Qyzylorda жастар орталығы мен Қызылорда Жұмыспен Қамту орталығының ұйымдастыруымен өтті.
11 тамыз 2022 ж. 559 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?