Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ


Қала әкімінің орынбасары Руслан Нұрмағамбетовтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың қатысуымен қала әкімдігінде арнайы жиын өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және аймақтарда туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге қатысты мәселелері талқыланды.

Жиын барысында Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы барлық салалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталғын бірқатар атқарылатын шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған ішкі талдау жұмыстарын ұдайы жүргізу мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің түрлерін цифрландыру қажеттілігін ұсынып, тұрғын үй және жол құрылысы, ауыл шаруашылық салаларына тұрақты бақылау жүргізу керектігін жеткізді.
Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Руслан Аймұрзаұлы алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу және тәуекелдерін жою мақсатында бірлескен нәтижелі жұмыстар атқарылатындығын айтты.
09 тамыз 2022 ж. 890 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?