ЖЕР УЧАСКЕСІ НЫСАНАЛЫ МАҚСАТЫ БОЙЫНША ИГЕРІЛУІ ТИІС


Мәселен, Қызылорда қаласы бойынша Қорқыт ата, Мұстафа Шоқай, Төле би, Әбілхайыр хан көшелерімен жанасып орналасқан кәсіпкерлік ретінде пайдаланған ғимараттардың жер учаскелерінің пайдалану мақсаты тұрғын үй құрылысы үшін арналған.

Нақтылап өтсек, жердің нысаналы мақсатын ауыстыру үшін бекітілген нысандағы өтінішке қосымша ретінде төмендегі құжаттар электронды түрде жолдануы тиіс:
1) Жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты (жер актісі);
2) Қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі.
Әрі қарай, азаматтардан түскен өтініштер Кодекстің 49-1-бабының талаптары негізінде жер учаскесінің мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі айқындалған соң, жер комиссиясында қаралады.
Егерде, жер учаскесін мақсатына сәйкес пайдаланбаған жағдайда Кодекстің 93-бабы, 3-тармағының 1)-тармақшасында Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылатындығы көзделген.
