Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУДІҢ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ»

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі негізінде азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізіуді арттыру мақсатында ұсынылады. 

Атап айтқанда:

-   Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері болып туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу (соттың некені бұзу туралы шешімі бойынша некені бұзуды қоспағанда), атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімдерде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Яғни бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетіледі. 

-   Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 188-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының  шегінен тыс жерде шетелдерде туылған балаға  «туу туралы куәлік» беру Қазақстан Республикасының  аумағындағы кез келген тіркеуші органда (ЗАГС) шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан, мынадай құжаттардың бірін (туу туралы куәліктің түпнұсқасын, туу туралы акт жазбасының көшірмесін, туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын) көрсеткен кезде ата-анасының біреуінің  қалауы  бойынша  елтаңбалы  туу туралы куәлік беріледі. 

-   Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайталама куәлік алу бойынша өтінішті өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады. 

- Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 243-бабына сәйкес некені бұзуға байланысты сот шешімінде ерлі-зайыптылардың  некені бұзғаннан кейін өзінің аты-тегі көрсетіледі.  Соттың некені бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды.  Соттың шешімі бойынша некені бұзу неке қию туралы акт жазбасында  оған  некені  бұзу   туралы   белгі қою   арқылы   көрсетіледі. 

Ерлі-зайыптылар соттың некені бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан  некеге  отыруға  құқылы  болып  табылады.

29 шілде 2022 ж. 504 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?