Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Мемлекеттік қызметтер көрсету теңдей қол жеткізу, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу, есеп берушілік пен ашықтық, қолжетімділік, үнемділік және тиімділік қағидаттарына негізделген.


Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан мемлекеттік қызметтің 9 түрі көрсетіледі, оның ішінде 6 түрі толық электрондық түрге ауыстырылған. 


Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.


Мемлекеттік қызмет алуға электронды түрде өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге өтіп, ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалып, бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.


2022 жылдың І жартыжылдық көлемінде Бөлім тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша – 8812 өтініш түскен. Оның ішінде, портал арқылы қызмет көрсету үлесі   96% құраған

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің халыққа қол жетімділігін арттыру мақсатында мекеме ғимаратында «Өзіне - өзі қызмет көрсету» бұрышы қарастырылған.

29 шілде 2022 ж. 313 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?