Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Жол көлік оқиғаларын алдын алу


Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. 
Дегенмен, елімізде көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалады. 
Нақтылағанда 2022 жылдың 5 айында жол көлік оқиғасының орын алуы өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға өсім алған. 
Жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. 
Аталған мәселені шешудің ең негізгі мәні ең жас жаяу жүргіншілер - балаларды жол қозғалысы ережелеріне дұрыс дайындау және үйрету.
Құқық қорғау органдарында жол-көлік оқиғасына байланысты түйткілді мәселелерді назарға алып келеді. 
Облыс аумағындағы облыс прокуратурасына қарасты (аудан және қала прокуратуралары) полиция бөлімдерімен бірлескен түрде тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда. 
Сондықтан полиция департаментімен жол апаттылығына тікелей септігін тигізетін жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқық тәртібі», «Жолда қабылдау» акциялары ұйымдастырылған. 
Өз кезегінде облыс прокуратурасына жекелеген тұлғалардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтарға бақылау жүргізеді. 
Қала тұрғындарынан жол қозғалысы ережелерін бұзылуына жол бермеу, оның ішінде жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси жүргізушілерінен талапқа сай ережені сақтау сұралады.

Қызылорда облысы прокуратурасының
Қылмыстық қудалау басқармасы
31 мамыр 2022 ж. 523 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?