Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының, Белкөл кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген тізілім негізінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда – саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру».
Мемлекеттік қызметті электронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicence.kz) тіркелу қажет.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік ғимаратында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратында халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзін өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы талапқа сай қажетті техникалық құралдарымен қамтамасыз етілген(компьютер жабдығымен, принтер, камера, картриждер, колонка).
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімдігін арттыру өте маңызды. Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сапасы мен қолжетімдігіне мән беру, үнемділік пен тиімділік қағидаттары басты назарда болады.

А.Шыныбеков
Белкөл кенті әкімі аппаратының
жетекші маманы
17 мамыр 2022 ж. 75 0

Күнтізбе

«    Шілде 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?