РЕФЕРЕНДУМ: Штаб мүшелері “Қорқыт” сауда үйіндегі кәсіпкерлермен кездесті
2022 жылдың 5 маусым күні өткізілетін Республикалық референдум туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай Қызылорда қаласында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгін "Қорқыт” СҮ-дегі кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы бойынша өтетін референдум аясында ақпараттар берді.
Сондай-ақ, заңдағы өзгерістерге халықтың өз үлестерін қосуларының маңыздылығы айтылып, референдумға қатысуға және белсенділік танытуға шақырды.