Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«TEN QOGAM» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы ашылды

2022 жылдың 12 мамырында  Қызылорда қаласында «TEN QOGAM»  мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы ашылды.
Салтанатты шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қызылорда қаласының әкімдігі, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, қаладағы қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдары мен мүгедектігі бар азаматтар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 

Орталықтың ашылуында «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қолдабеков Асқар Сайлауылы  құттықтау сөз сөйледі. 

Шағын концерттік бағдарламадан соң жоба үйлестірушісі Жарекешова Майра Темірбекқызы Қызылорда қалалық «TEN QOGAM»   мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының қызметімен таныстырып, шараға қатысушылар өз ұсыныстары мен жылы лебіз-пікірлерін білдірді.

Алдағы уақытта «TEN QOGAM» орталығында  қаладағы мүгедектігі бар адамдармен,  барлық  мүгедектердің қоғамдарымен бірлесіп, оларға ортаға бейімделуіне жәрдемдесіп, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық көмектер ұсынылып, бекітілген жоспарға сәйкес мәдени шаралар мен семинар-тренингтер өткізілетін болады.
13 мамыр 2022 ж. 467 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?