ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫНА ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Жаңабергеновтың төрағалығымен халықтың өзекті мәселелерін жинақтау және шешу жолдарына ұсыныстар енгізу бойынша комиссия отырысы өтті.
Айта кетерлігі, қала тұрғындарының өзекті деген мәселелерін жинақтау және оны шешу бағытында қала әкімдігінің жанынан «Азаматтардың өтініштерін қабылдау орталығы» құрылған, сондай-ақ халықпен барынша ашықтықтықты қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде «Open Qyzylorda» жобасымен еркін форматта жұмыстар жүргізілуде.
Отырыс барысында «Qyzylorda Open» жобасының жетекшісі Әсел Жұмабек баяндама жасап, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар, комиссия отырысына қатысқан қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағалары тұрғындарды толғандырған түйткілдерді жеткізіп, ой-пікірлерімен бөлісті.
Жиында көтерілген барлық мәселелер бойынша арнайы хаттама жасалып, тиісті салаларға ұсынылады және орындалуы осы комиссиямен қадағаланатын болады.