Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен  «Еңбек күні» мерекесі жарияланған. 

Осыған орай,  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуын жариялайды.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;

5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда).

Конкурсқа кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:  

1) «Ең үздік еңбек әулеті» - марапаттар саны ең көп, еңбек өтілімі ең ұзақ, көп мүшелі әулеттер таңдалады;

Ескертпе: Еңбек әулеті – бір салада  бір отбасының  екі  және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен),  қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (немесе қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің ең жас жұмыскері» - еңбек өтілімі 5 жылдан аспайтын, өндірістің ең еңбекқор және белсенді жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істеуші жастардың ең үздік тәлімгері» - еңбек өтілімі 20 жылдан кем емес, аса тиімді жұмыс істейтін тәлімгер тандалады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 30 сәуірден бастап 1 шілдеге  дейін қабылданады. Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:

  • конкурсқа қатысуға номинациясы көрсетілген өтініш;
  • төлқұжаттың көшірмесі;
  • тиісті номинациясы бойынша 2-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
  • конкурсқа қатысушы туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хобиі және т.б.), (Microsoft Power Point форматында) 2-3 минуттық компьютерлік презентация;
  • жұмыс берушімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттар / жұмыс орнынан анықтама;
  • жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат;
  • мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
  • бар болса біліктілікті арттыру куәліктерінің көшірмелері.

Жеңімпаздарды марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында  «Жалпыға Ортақ еңбек қоғамына республикалық Форумында» өтеді (соңғы туры).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын тұрғылықты жері бойынша қалалық және аудандық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне немесе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсыра алады.

Облыстық басқарманың мекен жайы: Бекзатхан Асқар көшесі, №47, 207 кабинет. Тел: 8/7242/ 27 40 66 


Ескертпе: жоғарыда аталған конкурстың талаптары сақталмаған жағдайда ұсынылған материалдар кері қайтарылады.

11 мамыр 2022 ж. 520 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?