Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ АСЫЛБЕК ШӘМЕНОВТЫҢ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметтi майдангерлер, тыл ардагерлерi!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр - жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы асқақтап, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінде тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да осынау ұлы мерекенің жемісі.

Бұл күн – өз Отанының бостандығын қорғаған майдангер аталарымыз бен тыл еңбеккерлері алдында бас иіп, олардың жасампаз рухына тағзым ететін күн.  Халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символына айналған күн.  

Ардақты ардагерлер!
Сіздердің жасаған ерліктеріңіз мәңгілік ұрпақ жадында сақталады. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғынамыз.

Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майдан мен тылда жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие. 

Баршамыз үшін ерлік пен еркіндік, елдік пен егемендік ұғымдарын біріктірген қастерлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін.
Мереке құтты болсын! 

Құрметпен, 
Қызылорда қаласының әкімі А.Шәменов
09 мамыр 2022 ж. 525 0

Күнтізбе

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?