ҚАЛА ӘКІМІ АСЫЛБЕК ШӘМЕНОВТЫҢ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қызылордалықтар!
Қадірлі қала қонақтары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Бүгінде қуаты артып, айбарлы абыройымен әлемді мойындатқан Қазақстанның қарулы күштері заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін жинақы да ұтқыр армияға айналды.
Бұл ретте, осынау айтулы күн жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөлге ие. Тарихынан ерлігі дастан еліміздің ұлттық рухын дәріптейтін, батыр бабаларымыздың аманатын арқалаған қайсар ұландардың мерекесі.
Мәртебесі биік мейрамда Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген ұландарымызды құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Еліміз бейбіт, жұртымыз тыныш болсын. Айбынды еліміздің абыройы асқақтай берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Қызылорда қаласының әкімі А.Шәменов