Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қала әкімі Асылбек Шәменовтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Құрметті қызылордалықтар!

Сан ұлттың басын біріктіріп, татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі болған Тәуелсіз еліміздің мерейлі мерекесі, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамыражай мамырдың алғашқы күнімен қатар келетін осынау шуақты мереке, халқымыздың достық сезімге ынтық, ыстық ықыласын дәлелдейтін, ынтымағы ырысқа, бірлігі берекеге ұласқан еліміздің ұлы мерекелерінің бірі.

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырдан астам уақыт ішінде біздің мемлекетіміз - достық пен ынтымақтың шаңырағын биік көтеріп, сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың бауырмашылдығына арқау болып, бейбітшіліктің мекені атанды.

Расында, біздің бүгінгі жеткен жетістігіміздің барлығы еліміздегі тыныштық пен татулықтың, бірлік пен берекенің арқасында екені айқын.

Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан, барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға ұласып, қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әралуандылық өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды.

Достықты ту етіп, бірлікті темірқазық санап, ынтымақты ырысына балаған қазақ елінің даңқы асқақтай берсін!

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ- береке тілеймін!

Бейбіт еліміздің берекесі артып, халқымыздың бірлігі жарасып, әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, достығымыз мәңгі болсын!

Құрметпен,
қала әкімі Асылбек Шәменов
01 мамыр 2022 ж. 173 0

Күнтізбе

«    Қазан 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?