Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті қызылордалықтар!

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін қастерлі Рамазан айымен құттықтаймын!

Қазақ халқы ежелден рамазан айын ізгілік пен мейірімділікке, имандылық пен игілікке үндейтін, бірлік пен берекеге бастайтын айлардың сұлтаны деп қадірлеген. Бұл айда қазақ елін мекен еткен мұсылман қауым өкілдері, өзге ұлттар мен ұлыстар ынтымаққа ұйысады. Қонақжайлылық пен қайырымдылық арнасы кеңіп, қамкөңіл жандарға төгілетін мейірім шуағы молая түседі. 

Қадірлі жерлестер!
Тамыры тереңге бойлаған діни дәстүріміз рухани дүниеміз бен бойдағы асыл қасиеттеріміздің кемелденуіне зор ықпал ете бермек. Рақым айы - рамазанда ұстаған оразаларыңыз, жасаған қайырлы істеріңіз бен дұға тілектеріңіз қабыл, еліміз аман болғай!

Ізгі ниетпен, 
Қызылорда қаласының әкімі    Ғ.Қазантаев

01 сәуір 2022 ж. 520 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?