Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

КОМИССИЯ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАДЫ

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырыстары өтті.

Күн тәртібінде тұрғын үй қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мен оны болдырмау бағытында қабылданған шаралар және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Комиссия төрағасы Ғанибек Қонысбекұлы бүгінгі күні азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсететін негізгі мекемелердің бірі - қалалық тұрғын үй инспекциясы бөліміне тұрғын үй алу кезектілігіне қатысты тұрғындарды алданып қалудан сақтандыруға бағытталған ақпараттандыру жұмыстарын кеңінен жүргізуді және ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған ішкі талдау жұмыстарын ұдайы жүргізуді міндеттеді.
Келесі кезекте құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетумен қатар, оларды белгілі бір мамандықтарды игерту жайы талқыланды.
Бүгінгі күні түзету мекемелерінен босатылған азаматтарға қатысты қайта құқық бұзушылықтарды жасамау және оның алдын алуда оларды жұмыспен қамтудың маңыздылығы зор.
Бұл тұрғыда комиссия мүшелері қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне түзету мекемесімен бірлесіп осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыруды ұсынды.
30 наурыз 2022 ж. 380 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?