Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сырдария өзеніне келетін мол суды қауіпсіз өткізу дайындығы


Қызылорда қаласы бойынша Сырдария өзенінің оң жағалауында 65 шақырым, сол жағалауында 23,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеті бар. 

Биылғы жылдың қыс-көктем айларында Сырдария өзеніне келетін мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында қала әкімдігі тарапынан тиісті шұғыл шаралар қабылданып, өзен жағалауындағы қорғаныс бөгеттері толық бақылауға алынған. 

Қалаға қарасты дербес бөлімдер, кент және ауылдық округтер, азаматтық қорғау қызметі мен өзен бойына жауапты болып бекітілген 22 ірі мердігер мекемелер төтенше жағдайлар орын алған жағдайда өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруға дайын.

Қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде 220 еріктілерден құралған арнайы жасақтар және бөгеттерді қосымша нығайту үшін 4000 құм толтырылатын қаптар мен 3700 бау қамыс, 3050 пашын және 3300 бау қарабуралар жеткілікті көлемде жинақталған.

Қызылорда қаласының әкімдігі су тасқынының және болуы ықтимал басқа да төтеше жағдайларға дайын.

28 наурыз 2022 ж. 348 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?