Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мәлімет
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 4 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Олар:
1. Ауданаралық (қалааралық, облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;
3. Ағаштарды кесуге рұқсат беру.
4. Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан да жоғары, сондай-ақ өз теңгеріміндегі 35кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету электронды түрде www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.