Талсуат: Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру - ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіні анық. Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады.
1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
2.Сауда - саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
3.Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
4.Елдімекен шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру
5.Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет етіледі.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендттермен жабдықталған Керекті ақпараттың барлығы қызмет көрсету мерзімі қызметтің түрлері туралы мәліметтер стендтерде орналастырылған және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» құрылған, ол «электрондық үкімет» веб-порталына, принтерге, сканерге, камера мен картриджге қолжетімділігі бар компьютермен қамтамасыз етілген.
Мекемеде қызметтер көрсетуге жауапты маман бекітілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі біріңғай байланыс орталығы телефон нөмірі-«14-14».
Жоғарыдағы аталған қызметтерді алуға Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен жайы Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы, Абай Құнанбаев № 25. Сенім телефоны 21-71-07.