«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы
«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Өздеріңізге белгілі, тұрғын үй кезегіне тұру «egov.kz» электрондық үкімет веб-порталында (бұдан әрі портал) өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, қазіргі таңда «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету «Тұрғын үй қоры» сервистік бағдарламалық өнімінен «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметіне ауыстырылуда.
Осыған сәйкес, қолданыстағы «Тұрғын үй қоры» СБӨ жүйесіндегі деректер қоры «Shanyraq» тұрғын үй кезегіне тұруға арналған ақпараттық жүйесіне көшірілуде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге https://www.kezekte.kz/ веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінішті және Қағидаларда көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.
Азаматтар үй кезегіне тұру үшін «Kezekte.kz» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алу және кезекке қою, автоматты түгендеу және бөлу процесін автоматтандыру жөніндегі ақпараттық сервисі «Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» ақпараттық қызметі арқылы қолжетімді болады.
«Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесімен (базасымен) интеграцияланады.
Аталған жүктеліп жатқан деректер қорының ауқымдылығы қызмет алушылардан келіп түскен өтініштердің уақытылы өңделуіне кері әсерін тигізді.
2022 жылдың қаңтар-наурыз аралығында жолданған өтінімдер келіп түскен реттілігіне сәйкес қаралатынын және барлық қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін міндетті түрде алатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Kezekte.kz» «Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» порталы арқылы үй алу кезегіне тіркелу үшін өтініш беруге толық мүмкіндік бар.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі- ол ақпаратты алудың қолжетімділігі, өтінішті өзіне қолайлы жерден (компьютері бар кез келген орындардан) беру мүмкіндігі, артық құжаттар талап етілмеуі, бюрократтық сымдарды жою, қызмет беруші мен қызмет алушы арасында жемқорлық тәуекелдерін азайту.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып, тұрғын үй саласында мүмкін болатын мемлекеттік қызметтерді «Kezekte.kz» «Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» (ақпараттық жүйесі) порталы арқылы электронды түрде алуға шақырамыз.