АРҚАЛЫ АЙТЫСКЕРЛЕР АЛАМАНЫ
Сырдария өзеніне салынған су тоспасымен тағдырлас Тасбөгет кентінің 70 жылдық торқалы тойын қызылордалықтар ерекше атап өтті. Мерейтой құрметіне «Сұлу Сырдың егізіндей, сүлейлердің лебізіндей – Тасбөгет» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Жыр додасына республикаға танымал Әділбек Сырым, Аян Ниязов, Нартай Тілеуқұл, Ержігіт Бекжан, Мөлдір Айтбай, Бек Шымат, Нұрмұхамед Байсүгіров, Дәурен Ысқақ, Ботагөз Мұхитдин, Ержеңіс Әбдиев сынды айтыс өнерін туын көтеріп жүрген айтыскерлер қатысты. Арқаны қоздыратын аламанға жиылған халықтың қарасы қалың болды. Тіпті, залға сыймаған көрерменнің көп болуы халықтың сөз өнерін жоғары көрсететінін байқатады.
Салмақты айтыстың салмағын саралап, халық алдына айтыскерлерді таныстырған белгілі айтыскер Мұхтар Ниязов тізгінді қолына алды.
Айтыскерлердің шабысын, сөз саптауын саралауға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дүйсенбек Аяшұлы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Мұхамеджан Нұрханов, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері, мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Назгүл Бердіқожа арнайы шақырылған.
Жұптасып айтысқан сөз зергерлерінің аламаны әуеліден-ақ халық көңіліне жаға кетті. Сөзбен шымшып, тарихты сөзге қосқан айтыскерлер қараша халықтың ішіндегісін дөп басуға барын салды.
3 сағатқа созылған айтыста бағы мен бабы қатар шапқан айтыскерлердің қатарында Сырым Әділбек пен Аян Ниязбек, Нартай Тілеуқұл, Бекжан Нұржігіт, Бек Шымат, Нұрмұхамед Байсүгіров ынталандыру сыйлығына ие болды. ІІІ орынға Жезқазаннан ат терлетіп келген Ботагөз Мұхитдин жайғасты. Ал, ІІ орынға Тасбөгеттік Мөлдір Айтбай жайғасты. І орынға Дәурен Ысқақ лайық деп танылды. Ержеңіс Әбдиев бас жүлдені жұлып алып кетті.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хаттар мен сыйлық табыс етілді.