Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА КҮНІ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАНДАЙ ТАРТУ СЫЙЛАЙДЫ?

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы биыл ерекше форматта аталып өтіледі. қос ғасырлық тарихқа аяқ басқан қызылорданың мерейтойы тарихи тағылымдарға толы, мәдени айшықтармен әспеттелмек. Биыл қала күні 23 қыркүйектен бастау алады. Яғни ертеңнен бастап қала тұрғындары мен қонақтары мерейтойдың лебін сезе алады.

Жексенбінің жайдары күні Тасбөгет кентінің 70 жылдығына арналған мерекелік шаралармен бастау алады. Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Сұлу Сырдың егізіндей, сүлейлердің лебізіндей - Тасбөгет» атты аймақтық ақындар айтысы ұйымдастырылмақ. Сөз өнерін қастерлейтін ағайын осы айтысқа асығады. Мұнан соң тұрғындарға «Тұран төріндегі Тасбөгет» атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, «Тасбөгет – киелі мекен» атауында жаңа ән жарыққа шықпақ.

Тұрғындар мәдени кештермен қатар спорттық шаралардан да тыс қалмайды. Кент орталығында гір тасын көтеру, қол күресі армрестлинг, асық ату сынды шеберлікті сынайтын спорттық ойындар білекті азаматтардың тартысына шақырады. Ал, кешкілік қазақша күрестен облыстық турнир ұйымдастырылады. Қазақ күресіне жаны жақын азаматтар дәл осы орталықта палуан жігіттердің өнеріне куә бола алады.
Сонымен бірге, дәл осы күні тұрғындар Шахмардан Есенов көшесінің орташа жөндеуден өткізілген жұмыстарымен таныса алады. Ел игілігі үшін атқарылған істің жанынан табылу өз қаламызға деген жанашырлықтан бастау алады. 
Ал, кешкілік уақытта «Сырдың әрі, жырдың нәрі – Тасбөгет» атты эстрада әншілерінің қатысуымен гала концерті өтпек. Бұл кеште қазақ сахнасының жұлдыздары ел жадында жатталған белгілі әндерін шырқайды. Кеште облыс әкімінің облыс әкімінің «Алғыс хаты», «Қызылорда -200 жыл» медалін, қала әкімінің «Алғыс хатын» табысталмақ. Сондықтан, қызыққа толы кештен құр қалмайық. Шара соңы мерелік отшашумен қорытындыланады.
Ал, дүйсенбіден бастап түрлі форматтағы іс-шаралар қала халқының көңілін көтеріп, санасына сергектік сыйлайды. Іс-шаралардың толық тізімін осы сайттан да қарап біле аласыз. Құрметті қызылордалықтар, қала күніне арналған мәдени-көпшілік, тарихи-танымдық, спорттық шаралардан құр қалмай, мерейтойды көңілді өткізуге күш салайық.
22 қыркүйек 2018 ж. 715 0

Күнтізбе

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?