Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА КҮНІ ҚАЛАЙ БЕКІДІ?


Қала күні қалай бекіді?

   Қала күні қызылордалықтардың ерекше мейрамына айналып үлгерді. Жыл сайын қоңыр күздің самал желіндей жайнап жарқыраған Қызылорданың қарыштап дамығанын көру қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй, жастарына шабыт сыйлайды. Биыл қызылордалық тұрғындар қаланың 200 жылдық мерейтойын тойлауға асық. Бірақ, ел есінде қала күні қалай бекіген еді деген сұрақ туады. 
Еске түсірсеңіз, қала өмірінің маңызды оқиғаларының бірі қала әкімінің шешімімен 7 қазан «Қала күні» болып бекітілді. Қызылордалықтар 2000 жылдың қазан айында қала күнін тұңғыш  атап өтті және ең алғашқы мерейтойлық қуанышта орталық алаңда мерекелік шеру ұйымдастырылған. Шеруге қаладағы өндіріс орындары, жоғары және арнаулы оқу орындары, білім ошақтары қатысқан. Дәл сол жылы елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Құрметтілердің қатарында сол кезде №198 орта мектептің директоры М.З.Подольский, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университететінің профессоры А.Х.Айдосов бастаған бірқатар белгілі азаматтар болған. Міне, содан бері қызылордалықтар қала күнін жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырды. Биыл 200 жылдық мерейтойға орай қала билігі барлық іс-шараларды алдын ала халыққа ақпараттандырып, ел назарына ұсынды. 23 қыркүйектен бастау алатын іс-шаралар 10 қазанға дейін жалғасады.
21 қыркүйек 2018 ж. 1 568 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?