Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ТАРИХЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ КІТАПТАР САҚТАЛҒАН БА?

Қызылорда тарихындағы құнды кітаптар сақталған ба?

Өткенге қайта айналсақ, анық ақиқат жолына түсеміз. Қызылорда – өз дәуірінде көреген көшбасшы атанған Жалаңтөс Баһадүр, Есет, Жанқожа, Бұқарбай сынды қамал алар батырлардың және түбі бір түркі халықтарының ортақ перзенті Мұстафа Шоқайдың кіндік қаны тамған, әдебиеттің алып нарғасқалары қызмет еткен көне қала. Сол ардың жүгін арқалап, ұлтқа қызмет еткен қайраткерлердің көркем туындылары   мен сол кезеңнің саяси өмірін бейнелеген отты мақалалар мен сырлы сұхбаттар ғасыр өтсе де, бүгінгі өміршеңдігінен айныған емес. Себебі қос ғасырда байырғы қала тарихының өткен-кеткен өмірінен бүгінгі тыныс-тіршілігіне дейінгі аралықта қаншама тарихи оқиғалар мен деректер, мол мұралар сақталған. 
Өткен уақыт тұсында дәуірдің тарихы, әдебиеті, мәдениеті, түрлі салаларында жазылған еңбектермен толығып, жаңа кітаптардың келуімен кітаптар қоры қалыптасқан. Қызылорда астана болған тұста Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің қызмет жасап, еңбек еткені көпке белгілі. Сол әдебиет жанашырларының еңбектері мен газет-журналдары, альманах, кітаптары мен қолжазбалары уақытында толыққанды кітапханаларға жеткізіле қоймағандықтан сақталмаған. Дегенмен, Қызылорданың даму тарихында күні бүгінге дейін сақталған көне кітаптар мен қолжазбалар бүгінде Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада сақтаулы. Тарихты тірілткен кітаптарды білгіңіз келсе, мақалаға зер салыңыз. 
Қызылорда тарихына қатысты кітаптарды зерттеушілер Мәди Кереев пен Абылай Айдосов көп жазған. Мәселен, «Сыр өңірінің тарихы 1998 жылы көне заманнан бүгінге дейін», М.Кереев пен Қ.Ахметовтың «Ученые записки», қаланың 150 жылдық даму тарихын қамтитын «Город Сырдарье» атты еңбектер мен Қ.Ахметованың «Преображенная земля» кітаптары. 
Мұнан бөлек, 1980 жылы баспадан шыққан Ы.Қалиев пен Е.Шілдебаевтың «Дария жағасындағы қала» атты еңбегі, Тәңірберген Мәмидің «Қызылорда астана болғанда» еңбегі 1920-1930 жылдардағы ауызша-жазбаша деректерді сипаттайды. Ал, кейінгі жылдары Мәди Кереев пен Бақберген Досманбетовтың қаланың 180 жылдығына арналған «Қызылорда» кітабы, 2002 жылы Жақсылық Рахматулланың «Тәуелсіздік толғауы», Кемелбек Сағымбайұлының «Қазыналы Қызылорда» туындылары қала тарихына бағытталған шығармалар қатарына кіреді.
Айта кету керек, ғалымдар еңбегі Санкт-Петербург, Орынбор, Алматы, Ташкент, Қызылорда архивтеріндегі құжаттар мен мұражайлардағы деректі материалдар және бұрын- жарық көрген еңбектер негізінде құрастырылған. 
Қала тарихына қатысты жазылған кітаптармен қатар кітапханадан бірнеше библиографиялық көрсеткіштерді көре аласыз. Атап айтқанда, әр жылдарда жарық көрген «Қызылорда қаласының құрметті азаматтары», «Социалистік Еңбек ерлері», «Сыр сүлейлері», «Театр қайраткерлері», «Ел басқарған тұлғалар», «Қызылорда облысы туралы жаңа әдебиеттер», «Сыр бойының батырлары», «Ескерткіштер және қала тарихы».
03 қыркүйек 2018 ж. 2 282 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?