Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«ТҰРАН ТӨРІНДЕГІ ТАСБӨГЕТ»


«Тұран төріндегі Тасбөгет»
жаңа кітап оқырманға жол тарты
Есіл мен Сырдың жағасындағы еліміздің ордасы атанған Астананың 20 жылдығы, Сұлу Сырда ірге көтерген Қызылорданың 200 жылдық мерейтойымен сабақтас келген Тасбөгет кентінің 70 жылдық мерейтойы тартулармен басталды. Біртуар азаматтар шыққан киелі Тасбөгеттің мерейтойына арналған әртүрлі форматтағы іс-шаралар шара көркін қыздырды.
Қала тұрғындарына 70 жылдық тарихи сәтін көзге алып келетін қос бірдей тарту жасалды. КСРО Мәдениет ағарту ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері Тілеген Бекарыстановтың сөзіне жазылған, талантты композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Сәбит Ұлықпанның «Тасбөгет – киелі мекен» атты жаңа әннің тұсауы кесілді. Отаншылдық сезімді оятатын рухты ән барша халықтың жүрегінен орын алды. Ал, тағы бір айтулы тартудың бірі болған, тарихты қайта парақтауға жол ашқан «Тұран төріндегі Тасбөгет» атты жаңа кітап та оқырмаға жол тартты. 
Кітапта 70 жылдық тарих белесіне шыққан Тасбөгеттің ескі тарихы, ондағы атпал азаматтардың еңбегі, кент ішіндегі жасалған игілікті істер баяндалған. Алматының «Аруна» баспасынан жарық көрген кітап кент әкімі Пакуадин Шамұратов пен зерттеуші Қабдеш Шағыровтың бірлесуімен құрастырылып шыққан. 17 тараудан тұратын кітап мазмұнында естеліктер мен тарихи құжаттарға орын берілген. Айта кету керек, кітапқа қызығушылық танытқандар қалалық №1 кітапханадан алып, жаңа кітаптың оқырманы атана алады.
Мерейтойға арнайылап жазылған ән, тарихты түгендеген кітап Тасбөгет тұрғындарына қуаныш сыйлады. Ал, мерейтой орталық алаңдағы кешкілік эстрада жұлдыздарының гала-концертімен қорытындыланбақ. 
23 қыркүйек 2018 ж. 1 709 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?