Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Ұлы дала ұлағаты» жас ақындар мүшәйрасына қатысуға шақырамыз!

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ КӨЛЕМІНДЕГІ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА

«ҰЛЫ  ДАЛА ҰЛАҒАТЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер:

1.1. «Ұлы дала ұлағаты» атты Қызылорда қаласының жас ақындар мүшәйрасы аймағымыздағы талантты жастарды таныту, шығармашылықтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылуда.


ІІ. Мүшәйраның мақсаты мен міндеті:

2.1. Мүшәйраның мақсаты – өлең жазатын, шығармашылыққа бейім жастарды анықтау, шығармаларын жинақтап жинақ шығару. Үздік деп танылған шығармаларды арнайы қазылар алқасының шешіміне сәйкес қаржылай сыйлықақымен марапаттау.

2.2. Мүшәйраның міндеті:

- Жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа, өз елін мақтан ететін тұлға қалыптастыруға бағытталады;

- Жастардың шығармашылық қабілеттерін, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын дамыту және қолдау, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық позициясын қалыптастыру;

- Жастар арасында әріптестік, сабақтастықты, достық қарым-қатынасты нығайту;

- Қызылорда қаласы жастарының поэзиясын дамыту.


ІІІ. Мүшәйраның шарттары:

3.1. Мүшәйраға 14-22 жас, 23-29 жас аралығындағы шығармашыл жазба өлең жазатын жас ақындар қатыса алады.

3.2. Бір автордан 2 (екі) өлең қабылданады.

3.3. Мүшәйраның талаптары:

- Өзіндік көзқарасы;

- Еркін композиция және материалдың әсерлілігі;

kazakylyk@mail.ruэлектронды почтасына «Ұлы дала ұлағаты» атты тақырыпта шығармаларды 2020 жылдың 10 қараша сағат 23.59-ге(Қызылорда уақытымен)дейін жолдануы тиіс;

- Мүшәйраға қатысушылар ереженің мақсатына сәйкес жас ерекшелігі ескеріледі;

- Қатысушылар туралы мәлімет (Тегі, аты-жөні, жұмыс және оқу орны, whatsapp және телефон нөмері, facebook.com; vk.com; instagram әлеуметтік желілер туралы ақпарат).

- Қатысушылардың шығармаларын ұйымдастырушы тарап кез келген көпшілік жерлерде қолдана алады. (Пресс баннерлер, лозунгтар, жарнамалық бейне және фото материалдарға т.б.орындарға қолдана алады).

          Ескерту: Ғаламтордан көшірілген материалдар қарастырылмайды.

Мүшәйраға қатысушы шығармаларын арнайы А4 форматта және өздері жайында мәліметтерді электронды нұсқада kazakylyk@mail.ru электронды почтаға 2020 жылдың 10 қараша сағат 23.59-ге (Қызылорда уақытымен)жолдауға міндетті.

          Сонымен қатар қатысушылардың шығармалары арнайы қазылар алқасының шешіміне сәйкес іріктеліп, арнайы жинақ жасалады.



ІV. Мүшәйраны ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі:

4.1. Мүшәйра 2020 жылдың 01–қазаннан бастап 2020 жылдың 10қараша күндері аралығында байқауға өтінімдер қабылданады;

4.2. Мүшәйраға қатысушы байқауға қатысты шығармаларын kazakylyk@mail.ruэлектронды почтасына жолдайды.

4.3. Мүшәйраға қазылар алқасы шешімі жабық түрде қаралады, әрі қазылар алқасының шешімі қайтадан қаралмайды.

4.4. Мүшәйра қорытындысы бойынша жеңімпаздарды бағалы сыйлықақы мен комиссия шешімінің нәтижесі бойыншаіріктелген шығармаларды жинақ етіп шығару және мүшәйраны толық өткізу «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ» қоғамдық қоры толық жауапты.



V. Мүшәйраны өткізу тәртібі және қорытындылау:

5.1.Мүшәйраны ұйымдастыру жұмыстарын «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ» қоғамдық қоры  жүзеге асырады.

5.2. Мүшәйра материалдарын қарауға және шығармаларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылады.

5.3. Мүшәйра комиссиясы қатысушылардың жұмысын ереже талаптарына сай келуі бойынша іріктеп, бағалайды;

5.4. Мүшәйра жеңімпаздары арнайы қаржылай сыйлыққорымен(1-орын 150 000  теңге, 2-орын 100 000 теңге, 3-орын 70 000теңге, ынталандыру                       2 адамға 25 000 теңге) және алғыс хаттарменмарапатталады;

5.5. Мүшәйра қатысушыларының шығармаларын қазылар алқасының іріктеуі арқылы өткен шығармалар арнайы жинаққа енгізіледі, әрі тегін таратылады;



Мүшәйра жайында толық ақпаратты

төменде көрсетілген телефон нөмері

арқылы біле аласыздар

8-777-499-61-63(what’s App).


ҚОСЫМША 1


КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІМ


Қатысушы туралы мәлімет


1

Номинация


2

Шығарманың аты


3

Аты-жөні, әкесінің аты


4

Аты-жөні латын әріптерімен 


5

Құжатпен дәлелденген шығармашылық псевдоним (егер осы ат шығармаға     қойылса)


6

Туған жері мен мерзімі, азаматтығы


7

тұрғылықты жері индексімен (қала, облыс, ел) 


8

Байланыс мәліметтері:

  • мобильды телефон
  • электронды пошта


9

Әлеуметтік желілердегі аккаунттары:


10

Өзі туралы қысқаша мәліметтер (ресми сайтта, Конкурсқа қатысушылар туралы ақпараттық буклеттерде  қолданылады) 


11

Қатысушының қолы


12

Толтырылған күні






Өтінім толық толтырылып,  JPG форматындағы түрлі-түсті сапалы сурет міндетті түрде тіркелуі тиіс.


31 қазан 2020 ж. 2 563 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?