Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖАС ЖАЗУШЫЛАРДЫ «АСҚАҚТАҒАН АҚМЕШІТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕГІ ЖАС ЖАЗУШЫЛАР АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН «АСҚАҚТАҒАН АҚМЕШІТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНЫҢ 

ЕРЕЖЕСІ

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Облыс көлеміндегі жас жазушылар арасында ұйымдастырылатын «Асқақтаған Ақмешіт» тақырыбындағы әдеби байқауы (бұдан әрі - конкурс) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шығармашыл жастарды қолдау» әлеуметтік жобасы аясында «ҚАЗАҚЫЛЫҚТЫҢ АТАМЕКЕНІ» қоғамдық қорының (бұдан әрі - Қор) ұйымдастуымен өткізіледі.

1.2 Осы Ереже Конкурстың өткізілу тәртібі мен мерзімін, оған қатысушыларға қойылатын талаптарды, Конкурсқа жұмыстарды ұсыну, оларды таңдау мен бағалау шарттарын анықтайды. 

1.3 Конкурс 2020 жылдың қазан айы ішінде бір рет өткізіледі. 

1.4 Конкурс  келесі номинациялар  (шағынформалар) бойынша өткізіледі:

  • Көркем проза (әңгіме, новелла)
  • Деректі проза (эссе)

1.5 Конкурс туралы ақпарат (Конкурс Ережесі, байланыс телефондары, Конкурс жаңалықтары) бұқаралық ақпарат құралдарында және  ұйымдастырушылардың сайтттарында жарияланады.


2.КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

Қызылорда облысының жас жазушылары мен ақындары арасындағы байланысты нығайту;

Әдебиет саласындағы жас таланттардың өзара байланысы үшін облыстық алаң құру.


3.КОНКУРС ШАРТТАРЫ

3.1 Конкурсқа  Қызылорда қаласы және облыс көлеміндегіжас авторлары (18 ден 29 жасқа дейін) қатыса алады.

3.2 Конкурсқа қатысу үшін Конкурстың мақсат-міндеттеріне сай келетін жұмыстарды ұйымдастырушыларға көрсетілген мерзімге дейін  жіберу керек.

3.3 Конкурсқа бұрын жарық көрмеген шығармалар қабылданады.

3.4 Конкурсқа түпнұсқа тіліндегі жұмыстың электронды нұсқасы kazakylyk@mail.ru электронды почтасында қабылданады.

3.5 Конкурсқа жеке шығармалар қабылданады. Ұжымдық жұмыстар Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3.6 Бір қатысушы Конкурсқа тек бір жұмыспен қатыса алады.

3.7 Бір автор Конкрустың тек бірноминациясынақатысаалады.

3.8 Авторлар Конкурсты ұйымдастырушыларға жұмыстарын өз қалауы бойынша пайдалану құқығын береді.

3.9 Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды көпшілік алдында жариялау кезінде автордың аты-жөні міндетті түрде  көрсетіледі. Жіберілген конкурстық жұмыстар қаралмайды және қайтарылмайды.

3.10   Ұйымдастырушылар және сарапшылар кеңесі шығармалардың авторлық құқығына жауап бермейді.

3.11 Конкурсқа қатысу осы Ереженің талаптарымен толық келісуді білдіреді.


4 КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

4.1 «Көркем проза» номинациясы: жұмыс көлемі компьютерде терілген 2 беттен 20 бетке дейін. Бір конкурстық жұмыс – бір шығарма.

4.2 «Деректі проза» номинациясы:   жұмыс компьютерде терілген 2 беттен 20 бетке дейін. Бір конкурстық жұмыс – бір шығарма.

4.3 Конкурстық жұмыстарды безендіру  төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

 -  шрифт түрі -Times New Roman, кегль 14, жол аралығы - 1,5;

- шеттері:  сол жақтан - 3 см, жоғары және төменнен -2 см,оң жақтан - 1,5 см;

- тақырыбы: беттің ортасында (автордың аты-жөні  тақырыптың астында оң жақта).

4.4 Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар Конкурсқа жіберілмейді.

4.5 Анонимді туындылар, автордың шынайы аты-жөні көрсетілмеген жұмыстар, сондай-ақ үшінші тараптар жіберген шығармалар қарастырылмайды. 

4.6 Конкурсқа келесі шығармалар қабылданбайды:

-  саяси, діни және басқа төзімсіздік (дұшпандық) түрлерін насихаттайтын; этникалық араздыққа, жыныстық және нәсілдік кемсітушілікке шақыратын   жұмыстар;

- нормативтіемеслексика   қолданылғанжұмыстар;

- авторлық құқықты бұзатын;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жариялауға тыйым салынған шығармалар;

- шығармашылық псевдонимдермен қол қойылған жұмыстар (автордың шығармашылық псевдонимі конкурс жарияланғанға дейін ISBN-де: журналдар, альманахтар, кітаптар мен жинақтармен қағаз әдебиет беттерінде жарияланған жағдайлардан басқа).

4.7 Конкурсқа қатысу тегін.

4.8 Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат жұмыстардың түсу ретіне байланысты «Open-Qyzylorda.kz» ресми сайтында жарияланып отырады. Конкурсқа қатысушылардың шығармалары сарапшылар кеңесінің алдын-ала қорытындылары шығарылмайынша сайтқа салынбайды.

4.9 Осы Ережеде көрсетілген номинациялар жанрына сәйкес келмейтін, сонымен қатар талапқа сай ресімделмеген, көлемі Ереже талаптарына сәйкес келмейтін шығармалар Ұйымдастыру комитетінде тіркелмейді және қарастырылмайды.

4.10 Ұсынылған шығармалар конкурстарға бірінші рет қатысқан болуы керек. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған жұмыстар жөнінде авторлармен талқылауға түспейді


5. КОНКУРСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ

5.1 Байқауға қатысу өтінімдері 2020 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 10 қараша сағат: 23.59 дейін (Қызылорда уақытымен) қабылданады. Мерзімі өткеннен кейін түскен жұмыстарды Сарапшылар кеңесі қарамайды.


6. ӨТІНІМДЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ

6.1 Конкурсқа қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:

шығарманың электронды нұсқасы kazakylyk@mail.ru электронды почтасында қабылданады;

автордың JPG  форматындағы түрлі-түсті суреті;

жеке файлда қатысуға өтінім (өтінімдіжүктеу).

6.2 Барлық материалдар kazakylyk@mail.ru электронды поштасына жіберілуі керек.

Хат тақырыбында автордың аты-жөні, шығарманың атауы мен қатысатын номинациясы көрсетілуі керек. Мысалы: «Алиев А.А., Көркем проза, «Бақыт».


7. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

7.1 Конкурс жеңімпаздарын Сарапшылар кеңесі, Ұйымдастырушылар анықтайды.

7.2 Әр жұмысты Сарапшылар кеңесінің әр мүшесі тексереді.

7.3 Сарапшылар кеңесінің шешімі дауланбайды және қайта қарауға жатпайды.

7.4 Сарапшылар кеңесі еш түсіндірмесіз кез келген жұмысты конкурстан алып тастауға құқылы. Сарапшылар кеңесі конкурсқа қатысушылармен пікір таластырмайды.

7.5 Конкурс жүлдесі бір шығармаға тек бір рет беріледі.

7.6Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы тарапынан қаржылай (көркем проза бойынша 1-орын 75 000теңге, 2-орын 50 000теңге, 3-орын 25000теңге; деректі проза бойынша 1-орын 75 000теңге, 2-орын 50 000теңге, 3-орын 25000теңге) және алғыс хаттармен марапатталады.

7.8 Жас қаламгерлердің туындылары арнайы жинақ кітапқа енгізіледі.


Байқау бойынша толық ақпаратты 8-777-499-61-63 (what’sApp) телефон нөмеріне хабарласу арқылы біле аласыздар!

ҚОСЫМША 1


КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІМ




Қатысушы туралы мәлімет


1

Номинация


2

Шығарманың аты


3

Аты-жөні, әкесінің аты


4

Аты-жөні латын әріптерімен 


5

Құжатпен дәлелденген шығармашылық псевдоним (егер осы ат шығармаға     қойылса)


6

Туған жері мен мерзімі, азаматтығы


7

тұрғылықты жері индексімен (қала, облыс, ел) 


8

Байланыс мәліметтері:

  • мобильды телефон
  • электронды пошта


9

Әлеуметтік желілердегі аккаунттары:


10

Өзі туралы қысқаша мәліметтер (ресми сайтта, Конкурсқа қатысушылар туралы ақпараттық буклеттерде  қолданылады) 


11

Қатысушының қолы


12

Толтырылған күні






Өтінім толық толтырылып,  JPG форматындағы түрлі-түсті сапалы сурет міндетті түрде тіркелуі тиіс.


31 қазан 2020 ж. 2 144 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?