Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҒЫЛЫМИ КОНКУРС ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Ғылыми конкурс Қызылорданың 
200 жылдығына арналды
Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына арнап тұңғыш рет мұғалімдер арасында ғылыми конкурс ұйымдастырылды. «Қызылорда – тарих пен тағылым таразысы» тақырыбында өткен сайыс Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының бірлесуімен өткізілген. Конкурс гуманитарлық бағытты қамтыды. 
Мақсат – Қызылорда қаласының 200 жылдығын қамтитын тарихи деректерді ғылыми айналымға шығару, тарихи оқиғаларды зерделеу, әдебиеттің дамуына із салған көрнекті ақын-жазушылардың әдеби мұрасын зерттеу, оны насихаттау. 
Байқауда тек орта мектептің мұғалімдері ғана емес, колледж ұстаздары мен тарихты зерттеп жүрген зерттеушілер, жас ғалымдар қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқауға 50-ге жуық ғылыми мақала келіп түскен. Оның ішінде 20 қатысушы екінші кезеңге жолдама алған. Әсіресе, Арал, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы ұстаздарының белсенділігі байқалған.
Байқау қорытындысы бойынша тарих саласында ІІІ орынға №261 орта мектебінің мұғалімі Айбек Мықтыбаев пен №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұртолқын Аяғановаға тиесілі болды. ІІ орынды тарих магистранты Абдоллах Оголиков қанжығасына байлады. Ал, жүлделі І орын №163 орта мектеп мұғалімі Ләззат Жұмабековаға бұйырды.
Әдебиет саласы бойынша, үздік үштіктің қатарында №22 орта мектеп мұғалімі Өтебай Серәлиев пен Қызылорда политехникалық коллледжінің мұғалімі Кенжеш Оралова бар. ІІ орынға №261 мектеп мұғалімі Айжан Батталова лайық деп танылса, жүлделі І орынды №1 мектеп-гимназия мұғалімі Назерке Әбдіқожаева жеңімпаз деп танылды. 
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сайыс соңы музыкалық думанмен қорытындыланды.
08 маусым 2018 ж. 1 468 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?