Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУ

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде түрлі бастамалар қолға алынуда. Осы аптада Қызылордада Арал өңірі өнерпаздарының күндері өтуде. Осыған орай Қызылорданың мерейлі мерекесінде жаңғыртылған аллеяның ашылу рәсімі және мерекелік концерт өтті. Арал ауданы қалалық сапаржай маңында орналасқан жаңғыртылған аллеяның таныстырылымына белгілі азаматтар жиылды. 

2000 шаршы метр болатын аумақты қалпына келтіру,  көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары демеушілер есебінен жүзеге асырылған. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты және аудандық қоғам қайраткерлерімен жүздесті. 

Игілікті шара соңы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Арал өңірі өнерпаздарының концертіне ұласты. Онда қазақ халық әндері мен билері, патриоттық шығармалар, күйлер және әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.

Қызылорданың қос ғасырлық мерейтой құрметіне Қызылорда облысы аудандарының шығармашылық ұжымдары арнайы концерт пен мерекелік түрлі шаралар өткізуде.

10 қазан 2018 ж. 3 325 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?