Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

200 ЖЫЛДЫҚҚА 200 ТҮСКІ АС

Бастама халықтан қолдау тапса берекелі болады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының МДБ-ның өңірдегі өкілдігінің бастамасы жəне Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің ұйытқы болуымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ерекше қайырымдылық шара ұйымдастырды.

Мұқтаждың мұңын тыңдап, қиналғанның қасынан табылу əрбір мұсылманға тəн сипат. Бұл шара - қала мерекесі аясында халыққа мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау мақсатында өткен. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы мен қалалық "Сұлтан" мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев арнайы қатысып қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, арнайы əзірленген түскі ас тағамын табыстады. 

Шарапаты мол игі шараға мешіт жамағаттары, жергілікті кәсіпкер азаматтар мен «Шын жүректен» еріктілер тобы бір үйдің баласындай атсалысып, қаламыздың түрлі жерлерін аралап жүріп, еңбек етіп жатқан 200 адамға мерекелік түскі асты тарту етті.

05 қазан 2018 ж. 1 392 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?