СПОРТШЫЛАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Бүгін қала тұрғындары және спорт саласының мамандарының қатысуымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттауға арналған кездесу өткізілді.
Кездесуде қалалық ақпараттық топ мүшесі, қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Қ.Есенгелдиев Президент Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, ондағы бұқаралық спорт пен балалар спортын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтты.
Кездесуге қатысушылар Сыр елінің спорт саласын дамытуға атсалысып, Жолдау аясында жүзеге асырылатын жұмыстарға белсене қатысатынын айтып, өздерінің пікірлерін білдірді.