Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«ШУАҒЫН ШАШҚАН ШАҺАР»

Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған іс-шаралар легі 10 қазанға дейін жалғасуда. Бүгін кітапты жата жастана оқитын жастардың қатысуымен Қызылорданың 200 жылдығына орай әдеби кеш ұйымдастырылды. 

Әдеби кеш ақын М.Әміреевтің сөзіне жазылған, Т.Қалауовтың «Қызылорда вальсі» атты әнімен ашылды. Кітапхана оқырмандары «Болашақ», «Абылайхан» атындағы колледж, С.Ысқақов атындағы «Қызылорда құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері Қызылорда жайлы өлеңдерді мәнерлеп оқып, әндер шырқады. Сонымен бірге шара аға буын өкілдерін Қызылорданың бүгінгі даму бейнесін сөзбен айшықтай кетті. 

- Екі ғасырлық тарих шежіресі тарих беттеріне қатталған Қызылорда соңғы уақытта өзгеше күйге еніп, заманға сай келбетке ие бола бастады. 200 жыл бойы Сырдария өзенінің оң жағасында дамыған шаһар бүгінде сол жағалауда да тіршілігін жалғастыруда,-дейді шараға қатысушы әдебиетшілер.

Сонымен бірге шара барысында «Шуағын шашқан Қызылорда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

03 қазан 2018 ж. 1 180 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?