Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Отбасы бақыты - ел бақыты

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

12 қыркүйек – Отбасы күніне орай Қызылорда қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен «Отбасы бақыты - ел бақыты» тақырыбында оқушылар арасында  бейноролик байқауы өтті.  Байқауға барлығы он оқушы қатысып, Балмашевтер отбасы үздік деп танылды. Бейнероликте  ҚР Ұлттық Ұланның  5547 әскери бөлімінің кадр және саптық бөлімінің бастығы аға лейтенант Балмашев Серік Қашқынбайұлының отбасы. 


Мақсаты: Отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу    Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.








12 қыркүйек 2024 ж. 136 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?