Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Доп додасы мықтыларды анықтады

Жексенбі күні Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай шағын футболдан республикалық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа журналистер арасынан құралған Оралдан "Жайық", Астанадан "Хабар", "Sport-59", Талдықорғаннан "BAQ JETISU", Тараздан "Taraz press", "Jambyl медиа", Түркістаннан "Рейтинг", Қызылордадан "Сыр медиа", "Қаламгер", "Qyzylordatv" командалары, барлығы 12 команда бақтарын сынады.

Аламанда бас қосқан тілшілер арасындағы доп додасы тартысқа толы болды. Командалық тәртіпте бір-біріне есе жібермеген мықтылар өзара жүлдеге таласты. Осылайша үздік үштікті Астана қаласынан «Хабар» телеарнасының командасы бастап, 200 мың теңгені еншілеп қайтты. Ал, екінші орынды "Taraz - Press" командасы 400 мың теңге қаржылай сыйақы алды. Бірінші орын шымкенттің "Erniyaz" Медиа командасына бұйырды. Жеңімпаз командаға 600 мың теңге ақшалай қоры табысталды.

Сайыс соңында тілшілер Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 


02 қазан 2018 ж. 1 278 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?