Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Арбат бойында тегін интернет

Арбат бойында тегін интернет. Кеше Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арнап тегін Wi-fi интернет желісі пайдалануға берілді. 

Цифрландыру ісін қарқынды түрде енгізуде Қызылорда «Ақылда қала» жобасымен өзге аймақтардан ерекшеленді. Басты мақсат – тұрғындардың өмірін жақсарту. Игі бастаманы қолға алған ІТ саласының мамандары, яғни жастар «Ақылды қала» жобасының игілігін көретін күн алыс емес дейді. Енді міне, қала күніне орай «Orda wi-fi» жобасын іске қосты. Ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тегін Wi-fi интернет желісі пайдалануға мүмкіндік береді. Әзірге «Orda Wi-fi» тегін интернет желісі қала орталығындағы «Арбат» бойында орнатылған. Алдағы уақытта шаһардың өзге де көшелері мен нысандарына тегін интернет қызметі іске асады.  Кеше ғана қолға алынған бұл бастаманы жастар жақсы қабылдады. 

02 қазан 2018 ж. 1 836 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?