Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Сұлу шаһар Қызылорданың 200 жылдық мерейтойында бірқатар азаматтар мерекелік медальдармен марапатталды. Ел игілігі жолындағы елеулі қызметтері, әрі қаланың даму динамикасына үлес қосқан құрметті азаматтар марапат мінберінен көрінді. 

Нартай Бекежанов атындағы драма театрында өткен салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Сыр жұртшылығын мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қызылорданың 200 жылдығына орай жолдаған құттықтауын жеткізді. 

Облыс әкімі шара барысында Қырымбек Көшербаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Виталий Брынкин, ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев, ақын, Мемлекеттік премия лауреаты Иранбек Оразбаев және ҚР Елтаңбасының авторы, «Құрмет» орденінің кавалері Жандарбек Мәлібеков Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталып, төсбелгі тақты.

Мерейтой құрметіне арналған салтанатты жиын эстрада жұлдыздарының концертімен қорытындыланды. 

29 қыркүйек 2018 ж. 1 198 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?