ТӘТТІЛЕР ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін - Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы. Жұма күнге сәйкес келген айтулы мерекеде ауа-райы да шуақ шашып тұрды. Жүректерге жылылық ұялатқан қоңыр күзде қала билігі 200 жылдық мерейтой аясында тұрғындарға тарту жасады. Қос ғасырға аяқ басқан Қызылорданың мерейлі мерекесіне де кәсіпкерлер де мұрындық болып, бастамалы істерін көпшілікке ұсынуда. Айталық, қаладағы бірнеше кәсіпкерлік нысандар тұрғындар мен қала қонақтарына тәтті бәліштер мен нан өнімдерін тегін.
«Браунис» кондитерлік асханасы, «Сәлем» сауда маркетінің өнімдері, «Шах сарай», «Мақсұт», «Кореана» мейрамханалары түрлі ас мәзірлерін және жеке кәсіпкерлер қаланың 200 жылдығына 200 қорап бауырсақ әзірледі.
«Шах-сарай» мейрамханасы қызметкерлері Қызылорданың бұрындары Қамысқалы атауын иеленгенін басшылыққа алып, Қамысқаланың көрінісін көзге әкелетін арнайы торт әзірлеп алып келіпті.
- Қамысқала тарихи орнына арнап торт жасадық. Сырдың символы ретінде күріштің бейнесіндегі түрлі тәттілер, әртүрлі пішіндегі тәтті кәделерді алып келдік. Ірімшік, құрт, қауынғақ та осында табылады. Біздің ата-бабалардан қалған тағамдардың дәмін тұрғындарға ұсынуды мақсат тұттық,-дейді «Шах-сарай» мейрамхана басшысы Жұмабай Қаражанов.
Ал, «Браунис» кондитерлік фабрикасы директорының орынбасары Гүлмира Өмірбайқызы «Қызылорда – 200» таңбасымен айшықталған тәтті тоқаштарды ел назарына әкелгенін айтты.
- Нан өнімдерінің себеті, түрік технологиясымен жасалған пахлава, ирандық тоқаш, Қорқыт бабамыздың суреті бейнеленген тәтті торт дайындадық. Дәмі тіл үйіретін тәттілерді, әсіресе печениелерді халыққа тегін таратып жатырмыз. Бұл біздің қаланың мерекесіне тартуымыз,-дейді ол.
Мерейтойға асыққан халық жағалай ақ дастарқанға жайылған түрлі кондитерлік өнімдерді аралап, Қызылорданың 200 жылдығы бейнеленген мерекелік торттардан дәм татып, мерекені сезінді.