Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ


   Қала күнін 200 жылдық мерейтойына арнап Қызылорда қаласының әкімдігі қауын-қарбыз фестивалін ұйымдастырды. Дәмі тәтті қауын-қарбыз, түрлі жеміс-жидектерден жасалған арнайы фуршет қала қонақтары мен тұрғындарына тарту болды. Пирамида пішіндес жеміс-жидектер мен қауын-қарбыз келген адамға алыстан менмұндалап өзніе шақырып тұрғандай әсер берді.
   Қалалық білім бөлімі жанындағы технология пәні бірлестігінің мұғалімдері қарбыз бен қауынды ерекше пішінде кесіп, түрлі формада халыққа ұсынды. Ал, жеміс-жидектерді бір-біріне айқастырып Қызылорда атауын беру идеясы да осы мұғалімдердің еңбегінен көрініс тапты.
  - Басты мақсатамыз – Қызылорданың молшылығын, берекесін көрсету. Аграрлық саладағы өнімдерді ел назарын ұсыну. Мұғалімдер күріштен портрет жасап, қолдан қарбыз-қауындардан гүлдер жасады. Фуршетті жайнатып, елдің көңіл-көтеруге барынша тырыстық. Бұл ортақ іске 60-қа жуық мұғалім бірлесті. Жалпы өнімдер халыққа тегін ұсынылады,-дейді   технология пәні бірлестігінің жетекшісі Сәуле Қайым.
   Жалпы ресми ақпарат бойынша 4 тонна қауын, 4 тонна қарбыз өнімдері келген. Қызылорда өңірінде өсірілген қауын сорттарын көрсетуді мақсат тұтқан мамандар осылай дейді. 
   - Орта Азияны, Ресей нарығына дендеп енген өзбектің Мырзашөл сортына сәйкес келетін жергілікті қауын сорттарын іздестірудеміз. Қара күләбі, торлама, саржау сорттары фестивалге қойылды. Өнім өндірумен қатар, оның ғылыми жағына да мән береміз. Тұқым шаруашылығына назар аудару, жойылып бара жатқан сорттарды қайта қалыпына келтіру ісімен айналысамыз,- дейді Самалбек Оразбайұлы.
Жергілікті өнімдерді жұртшылыққа тегін таратқан қарбыз-қауын фестивалі балғын балалардан бастап, абыз қарияға дейін мерейтойлық қуаныш сыйлады. Бастысы, дәмі тіл үйіретін тәтті қауындар тегін берілді. 
28 қыркүйек 2018 ж. 2 106 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?