Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» АКЦИЯСЫ 1000 ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

   Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы халықтың ортақ мерекесі. Бұл күндері қалада мәдени-көпшілік һәм спорттық шаралармен қатар қайырымдылық шаралары да тыс қалмады.
   Игі шараны Қызылорда қаласының әкімдігі «Жүрек жылуы» акциясы аясында ұйымдастырды.
   Ортақ іске жұмылған азаматтар «Ақмешіт-Сырдария» мешіті алаңында  қаладағы 1000 тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік өнімдерін табыс етті. 
   Қаз-қатар тігілген 45 автокөлікке тиелген азық-түлік өнімдері  арнайы бөлінген әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен, барлық отбасының үйлеріне жеткізілді.
   Игілікті шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атаулы шараның маңыздылығын сөз етті.
 - Бүгінгі шараға атсалысқан барша азаматтарға, іскер адамдар мен мемлекеттік қоғамдық ұйым өкілдеріне, мәрт мінезді Сыр жүртшылығына алғыс білдіреміз. Жүрегімізден жылу, жанымыздан мейрім кетпесін. Қызылорда қаласының 200 жылдық аясында осы тектес шаралар өткізіледі. Біз әрбір ауданға әлеуметтік қызметтердің басқармалармен келісе отырып, 100 адамның тізімін беріп отырмыз. Олар осында жәрмеңкесін өткізеді. Бұл Қызылорда қаласындағы қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек болмақ,-деді Қырымбек Көшербаев.
   Қайырымдылық шарасы тек мерейтой аясында ғана емес, Қызылордада тұрақты өтіп келеді. Айталық, жыл басынан 2 мыңға жуық тұрмысы төмен отбасына 15 млн.теңгеден астам көмек көрсетілген. Сонымен бірге жанашыр азаматтардың қолдауы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт мейрамдарында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар қолдау тапты.
Қала күні қайырымдылық пен берекелі істің бастау алды. Бұл шаралар жыл соңына дейін жалғаса бермек.
27 қыркүйек 2018 ж. 1 894 0

Күнтізбе

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?