Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

"АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА" ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ ЖЫР МАРАФОНЫ ӨТТІ

   Қазақ халқының мәңгі өшпес те, өлмес те асыл мұраларының көмбесі саналатын Сыр елінің бас ордасы –Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында қалалық кітапханалар жүйесі қазақтың классик ақыны, әлем халықтарының рухани өміріндегі жарық жұлдызы, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай-дана, Абай-дара-қазақта» атты әдеби -жыр марафоны өткізілді. 
   Абай есімі-қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы қасиеттерін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны байытты, жаңа биікке шығарды. Абай өз мақсатын, ел арманын, ойын, зор ақындықпен әсерлі, көркем тілмен түсіндірді. Ақын өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармаларымен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді.
   Шараға облыстық «Таным», «Абайтану» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жолдасова Абат, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішов, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, жазушы Мұхамеджан Нұрханов, жазушы Несібелі Рахмет, №253 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қорганова Кадиша қатысып ұлтымыздың ұлы ақыны туралы келелі әңгімелер айтып, осыдан бір жарым ғасырдай уақыт бұрын ойшыл ақынның халқының өзге елден қалмай, оқ бойы озық тұруын қалағаны, Абайды біз толық меңгерсек, оның ілімін іліп, бойымызға сіңірсек біздің рухани жаңғырғанымыз деп атап көрсетті. 
Белсенді жас оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жыр додасының сәнін келтірсе, Ж. Қалдыбай, 
К. Тыныштыкбек, Ж. Кәрбоз үш тілде ақынның өмірбаянын оқыды.
 
25 қыркүйек 2018 ж. 1 948 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?