ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАСБӨГЕТ
Тасбөгет кентінің тарихы Сырдария өзеніне салынған су тоспасымен өзектес. Құрылыс салуға қатысып жатқан жұмысшылардың ірге тепкен мекенінде Тасбөгет поселкелік Кеңесін құру туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының 1948 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы қабылданды. Қызылорда плотинасын салып, Сырдария арнасындағы суды реттеу арқылы өзен бойындағы игерілмей жатқан жерді кең ауқымда егіс алқабы ретінде пайдалану көлемі артып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарып, облыс ақ күріштің аймағына айналды.
Міне, тамырлы тарихы бар Тасбөгеттің бүгінде 70 жылдық мерейтойы қала көлемінде тойлануда. Сол мекеннен шығып, еліне қызмет етіп, әртүрлі салада тер төгіп, еңбегімен елге танылған азаматтар осы Тасбөгет кентінің 70 жылдық мерейтойлық медальдарын кеудесіне тақты. Еңбегі еленгендерге құрмет көрсетіліп, төрден орын алды.
Тасбөгет кентінің 70 жылдық торқалы тойында мәдени іс-шаралар, спорттық сайыстар мен ақындар айтысы, гала-концерттер өтті. Халықтың көңілін көтеруге бағытталған іс-шаралар кешке дейін жалғаса бермек. Халықты мерейтоймен құттықтауға белгілі «Азия» тобы әннен шашу шашпақ.