Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Театрлар


Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Мекен-жайы:Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №1.
Тел: 27-67-34
Электрондық поштасы: kzdramteatr@mail.ru
Жұмыс уақыты:Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 аралығында. Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.  

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театры 1955 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандық колхоз-совхоз театры негізінде ұйымдастырылды. Өнер ордасы өз шымылдығын тұңғыш рет 25 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен ашты. 1960 жылғы наурызда театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1967 жылы Нартай Бекежанов есімі берілді. 1970-1990 жылдары театрдың кәсіби деңгейі өсіп, өркендеген кезеңі болды. 1977 жылы режиссер Х.Теміров сахналаған В.Шекспирдің «Король Лир» спектаклі (суретшісі С.Пірмаханов) классикалық туындылардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Сондай-ақ, Сайқымазақ бейнесі үшін С.Шотықов І дәрежелі, Лир бейнесі үшін Т.Айнақұлов және суретші С.Пірмаханов ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Шығармашылық жетістіктері үшін театр ұжымы Бүкілодақтық Венгр драматургиясы (1978), Неміс драматургиясы (1980), СССР халықтары драматургиясы (1982) фестивальдерінің лауреаты атанды. Қазіргі кезде театрдың көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір.

Кейінгі жылдары сахнаға қойылған Т.Әліпбайдың «Исатайдың барында» спектаклі ХІ Республикалық театрлар фестивалінде жүлделі ІІ орынды, 2004 жылы Қостанайда өткен ХІІ Республикалық фестивальде Ж.Аймауытов пен Б.Майлиннің «Аласапыран» спектаклі жүлделі ІІІ орынды иемденді. Театр сахнасында әр кезеңдерде Қазақстанның халық әртістері Ш.Бәкірова, Ж.Бағысова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Т.Айнақұлов, К.Көпбаева, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, А.Сейілхановтар, сахна шеберлері Қ.Көпбаев, С.Масина, І.Шәкіров, Я.Халықұлов, З.Сәулебаевалар өнер көрсетті. Қазір театр труппасында Қазақстанның халық әртісі С.Шотықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г.Бегімова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Б.Алпысбаев, Ә.Арысбай және басқа өнер майталмандары О.Нәсімханов, Ұ.Баяділова, К.Әбжанова, А.Артықбаева, Б.Ботбаевтармен бірге кейінгі буын талантты жастар З.Төлепова, Р.Ахметов, А.Байдалиева, Қазақстан жастар Одағының «Серпер» сыйлығының иегерлері Қ.Айтжанова мен Б.Темірбековтер қызмет етуде.


Орталығының ғимараты А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет

Мекен-жайы:Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21.
Байланыс телефоны: Қабылдау бөлмесі: 27-42-81, 27-49-68
Жұмыс уақыты:Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 аралығында.Сенбі, жексенбі – демалыс күндері.

1948-1961 жылдары Қызылорда қаласында концерттік-эстрадалық бюро жұмыс жасап, оған атақты Нартай Бекежанов басшылық жасаған. Ол бригаданың құрамында Күндебай Алдоңғаров, Кеңесбай Мұратбаев, Хадиша Сазантаева, Айзахан Бижанова, Балхашбай Жүсіпов, Мырзабай Әділов, Ақмырза Тұяқбаев сынды өнер тарландарымен қоса биші Кәделі Тұтқабаева, домбырашы Төлеген Қаражановтар болған. 50-ші жылдары сол бригадаға атақты жырау Шамшат Төлепова және Тұрсынкүл Әбдірахманова (Баяханова) қосылған. Қызылорда облыстық мемлекеттік филармониясы 1972 жылы құрылды. Алғашқы жылдарында сазгер Тәңірберген Қалауов басшылық жасап, осы кезеңдерде «Сыр күмбезі» фольклорлық ансамблі жұмыс жасады. Ансамбльге белгілі жыршы-термеші А.Тұяқбаев жұбайы, әнші Ф.Төлегеновамен, «Ақ толқын» эстрадалық ансамбліне Қ.Сақтағанов жетекшілік жасаған. Филармонияның бас администраторы болып ұзақ жылдар Сәнжан Асылбекова қызмет атқарды.

1976-1980 жылдар аралығында облыстық филармонияға Дүйсенбі Дүйсенбаев басшылық етті. Осы жылдарда «Сыр маржаны» ансамблі жезтаңдай әнші Ұ.Ахметованың басқаруымен, «Сыр самалы» ансамблі С.Бердіқожаевтың басқаруымен жемісті жұмыс жасап, оның құрамында М.Әбдікәрімов, Т.Аманжолова, К.Қалымбетова, С.Нұрмаханов, Г.Нұржанова, Ш.Тілеулесов, М.Жасекенов секілді өнерпаздар өнер көрсеткен.

1985 жылы Кеңес Асанбаев басшылық жасаған уақытта «Қызылорда» ансамблі құрылды. 1985-1986 жылдары мекемені Қ.Мұхамедияров, ал 1986-1989 жылдары Б.Шөкенов басқарған. Қазіргі таңда филармонияда 176 қызметкер жұмыс жасайды. Ұжымның негізгі қызметі – халық арасында көркемдік деңгейі жоғары концерттік қызметтер ұйымдастыру. Сегіз көркемөнер ұжымы бар. Олар: Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Сыр-самал» вокалды-аспаптық ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Томирис» және «Ақжелең» би топтары, «Жанкент» аспаптық триосы, «Тұран» вокалды-эстрадалық триосы және «Ошаған» әзіл-сықақ отауы. Жеке әншілер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Ерен еңбегі үшін»медалінің иегері Шынберген Тілеулесов сияқты сахна саңлақтары еңбек етеді.


С. Майқанова атындағы мәдениет үйі

Қызылорда қаласы, Тасбөгет қыстағы, Ш. Есенов көшесі, №5 
Байланыс телефоны: 8 /7242/ 21-55-88
Электрондық поштасы:s.maikanova@mail.ru
Мәдениет үйі типтік жобамен 1989 жылы салынған. 1996 жылы наурыз айында Сырдария ауданы әкімдігі және облыстық ономастикалық комиссияның шешімімен КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың есімі берілді. 

М. Ералиева атындағы мәдениет Үйі

Қызылорда қаласы, Титов қыстағы, Қашаубаев көшесі, н/з
Байланыс телефоны: 25-01-64
Электрондық поштасы: m_eralieva_dk@mail.ru

М. Ералиева атындағы мәдениет Үйі 1974 жылы целлюлоза-картон заводының базасында құрылып, кейіннен «Айдан» ЖШС беріліп,  2002 жылы мемлекетке қайтарылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы №1021 санды Қазақстан Республикасының Білім беру және мәдениет ұйымдарын атау мен қайта атау туралы қаулысына сәйкес, бұрынғы «Бумажник» мәдениет сарайы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиева атындағы мәдениет Үйі деп қайта аталды. 
Типтік жобада салынған.

1 қабатта - 370 орындықты көрермен залы, спорт залы, №5 учаскелік полициялық пункті, әдістемелік бөлме, өнерпаздардың әрлену бөлмесі,   «Сандуғаш» ән үйірмесі, «Балбұлақ» домбыра, «Палитра» сурет үйірмелерінің  бөлмелері орналасқан. 
2 қабатта «Ақбаян» бөлмесі, №3,№19 кітапхана филиалдары, ардагерлер және ВИП бөлмелері бар. Жылу жүйесі орталыққа қосылған. 
2014 жылы 78 000 000 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Теміржол милициясы ғимараты (қазіргі «Ақмешіт» музейі),1905 жыл.

Қызылорда қаласы, Әуелбеков көшесі, 8

Қызылорда қаласы, Әуелбеков көшесінде орналасқан бұл ғимарат 1905 жылы салынған. Қызылорда қаласының астана болғанына 80 жыл толуына орай «Ақмешіт» музейі болып белгіленді. Жалпы жер көлемі 0,0989 га. Құрылыс алаңы 272,4 шаршы метр. Жалпы алаңы 200,8 шаршы метр. Жалпы көлемі 1226 м3.

Ескерткіш облыс әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №19 қаулысына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген. Төлқұжаты жасалынып, қорғау тақтасы орнатылған.


Облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті (бұрынғы казармағимаратыХІХ ғасырдың аяғы

Қызылорда қаласы, ІІІ-ірілендірілген квартал, нөмірсіз
Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №19 қаулысына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне алынған.

2014 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ғимарат толықтай қайтажаңғыртудан өтті. Жұмыстар барысында ғимараттың ішкі, сыртқы қабырғалары қалпына келтірілді, төбе жабынын ауыстырылды. Сонымен қатар ғимараттың аумағы қоршалды. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимаратқа облыстың көркем сурет галереясы орналасты.

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?