ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫНА ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Қызылорда қаласы әкімдігі 2021 – 2022 жылдарға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстарды қабылдау басталғандығы хабарлайды.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, жеңімпаздарды тұрғындар дауыс беру арқылы өздері анықтайды.
Тұрғындар ұсынған жобаларды қабылдау 2021 жылдың 26 сәуір – 12 мамыр аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды 15 жұмыс күні аралығында іріктейді және іріктеу аяқталғаннан кейін 10 күн аралығында тұрғындар дауыс береді. Жеңімпаз жобалар анықталып өзектілігіне сәйкес, сараптамалық кеңес құрамының іріктеуімен жобаның кезектілігі анықталады.
«Халық қатысатын бюджет» жобасының мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Қызылорда қаласының аумағын дамыту мен көркейту болып табылады.
Жоба ұсынысының авторы Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматы, оралман, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам бола алады.
Жобалық ұсыныстарды: Әкімдіктің интернет ресурсы – Қызылорда қаласының әкімдігінің порталы арқылы беріледі.
Сілтемесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/bnu/72?lang=kk&fbclid=IwAR2CmHsQIM40rSPs9aMR62qbShMfdKRXPcKXI8uADoNUYqkFgNn6erVUXGU