Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына өтінім қабылдау басталды


Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлаймыз. 

    Конкурсқа  мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.


Конкурс 3 номинациядан тұрады:

                                                                                         

1) «Үздік еңбек әулеті» - бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі–зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен) қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулет басшысы болып танылады;


2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері;


3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер тандалады.


Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 1 шілдесіне  дейін қабылданады. Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Қажетті сұрақтармен келесі мекен-жайы бойынша хабарласуға болады: Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №43, Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.

 Тел.: 27-02-59, 26-16-73. 


Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.


Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

  1. Номинациясы көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке куәліктің көшірмесі;
  3. номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
  4. конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
  5. еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
  6. жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. 

Бар болған жағдайда мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері, біліктілікті арттыру тураплы сертификаттар (бар болса).


Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.  

01 сәуір 2021 ж. 1 839 0

Күнтізбе

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?