«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы өтуде!
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясының
ЕРЕЖЕСІ
Акцияның мақсаты
1) Батырлар жырларынан үзінді мәнерлеп жатқа оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу;
2) Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
Акцияға қатысатын үміткер батырлар жырынан үзінді мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), үзіндіні #менқазақшасөйлеймін2020 хештегімен әлеуметтік желілерде (Facebook, Youtube, Instagram) кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Акцияның қорытындысы 2020 жылдың 13 қазанында шығады, жеңімпаздары 14 қазанында онлайн режимде марапатталады.
Ақция өзге ұлт жастары арасында өткізіледі.
Акцияны өткізу тәртібі
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы» КеАҚ (одан әрі – «Тіл-Қазына» ҰҒПО) акцияның ұйымдастырушысы болып табылады.
Акцияны өткізу туралы хабарландыру 2020 жылдың тамыз айында Facebook, Youtube, Instagram әлеуметтік желілерінде «Tilalemi.kz», «Tilmedia.kz», «Qazlatyn.kz» сайттарында жарияланады.
Қорытынды ережелер
Акцияға катысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы сараптайды, шешімдері хаттама түрінде ресімделеді. Акция жеңімпаздары әлеуметтік желілердегі «лайк» саны бойынша анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар және сыйлықтар табысталады.
Акцияның өткізілуі туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және «Тіл-Қазына» ҰҒПО интернет-ресурсында орналастырылады.
Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.
Шараның өткізілуіне жауапты тұлғалар: Әлім Сергібаев, 8(7172)27-30-43, 8(701)7108980; Меруерт Шіменбаева, (701)1097614.